SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияда түрме әкімшілігі өздері қателесіп босатып жіберген қылмыскерді бір аптаға жуық уақыт бойы іздеп жатыр. Бұл туралы Бордо қалалық прокуратурасының (Францияның оңтүстік-батысындағы порт қаласы — ред.) ақпаратына сілтеме жасап Figaro газеті хабарлады.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, аса қауіпті зорлық-зомбылық қылмысы үшін 11 жылдық жазасын өтеп жатқан 25 жастағы ер адам Франциядан Мароккоға депортациялануы тиіс басқа тұтқынның орнына Градиньан коммунасының түрмесінен босатылған. Түрме әкімшілігі тұтқындардың ұқсас есімдерін шатастырды.
Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қылмыскерге іздеуге жарияланды, оны қамауға алу туралы еуропалық ордер берілді, бұл ЕО-ның барлық елдерінде жарамды.