Астаналық 3-сынып оқушысы қаладағы жаңа автобус бағытының авторы атанды

06.05.2025, 18:10
968
Астаналық 3-сынып оқушысы қаладағы жаңа автобус бағытының авторы атанды Instagram.com/@2_school_astana

Автобус қаланың сол және оң жағалауын байланыстырады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жаңа №58 автобус бағыты іске қосылды. Бұл бағыт сол және оң жағалауды жалғайды. Бағыт сызбасы қала тұрғындары үшін ыңғайлы және қажет деп танылды. Ал оның авторы – бар болғаны 8 жастағы мектеп оқушысы. Бұл туралы мектеп әкімшілігі мәлімдеді.

Үшінші сыныпта оқитын Әбілмансұр Айтқожа өз отбасы тарихынан шабыт алып, елорда көлік инфрақұрылымының дамуына үлес қосты.

"Жас астаналық бала кішкентайынан картаға қызыға бастады. Алдымен физикалық әлем картасына, кейін туған қаласының сызбасына назар аударды. Қаланы аралап, картаны зерттей келе, Әбілмансұр кейбір аудандар, соның ішінде Күмісбеков көшесі, қоғамдық көлікке қолжетімді емес екенін байқаған", – делінген ресми хабарламада.

Әбілмансұр қозғалыс бағытына өзгерістер енгізіп, негізгі көшелер мен аялдамаларды нақтылап көрсеткен. Оның ұсынысы көлік басқармасына жолданып, көп ұзамай жүзеге асырылды – қазіргі таңда елорда көшелерімен №58 автобус қатынайды.

Сурет: Instagram.com/@2_school_astana

Картография мен кеңістікті болжауға деген қабілеті Әбілмансұрға атасынан – Айтқожа Қасқұлақовтан дарыған болуы мүмкін. Тура 39 жыл бұрын газетте оның жер орналастыру жобасы жайлы мақала жарық көрген. Жоба сәтті жүзеге асып, отбасы бұл материалды бүгінге дейін сақтап жүр.

"Атам маңызды жобамен айналысқанын, ол туралы газет жазғанын естігенде, мен де қалам үшін пайдалы іс жасағым келді", – дейді Әбілмансұр.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады