Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО)

08.05.2025, 14:16
978
Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Marie-Josée D'Amour

Маңғыстау тұрғыны қызық оқиғасын бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының тұрғыны Каспий теңізінің жағалауында ерекше жағдайға тап болды. Ол түнде теңіз жағалауынан итбалықты көріп қалған. Егер жаралы болса, онда оны құтқаруға тырысқан. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтып берді.

Оқиға Песчаный мүйісі маңында болған. Ер адам түн ортасында жағалауда жалғыз жатқан түленді байқаған. Ол итбалыққа жақындап, әзіл-шыны аралас «че там, родной, демалып жатсың ба?» деп, жануар ебедейсіз қозғалған соң оның жаралы немесе әлсіреп қалғанын ойлап, көмектескісі келген. 

Итбалық басын шалт көтеріп, бір сәтке қарап тұрып, артынша селт етіп, теңізге қарай сырғып кетіп қалған. Мұны күтпеген ер адам аңтарылып, не болғанын түсінбей қалған.

Әлеуметтік желіде бұл сәтпен бөліскен тұрғынның айтуынша, түлен ешқандай жаралы болмаған, жай ғана жағалауда тынығып жатқан. Алайда өзіне назар аударылғанын байқаған сәтте бірден қимылдап, суға қайта сүңгіп кеткен.

Көпшілік бұл жағдайды көңілді қабылдап, итбалықты «актер» деп атап жатыр. Каспийдің жабайы табиғаты осындай тосын әрі күлкілі сәттерге толы екені тағы бір дәлелденді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді