1031

«Қайрат Нұртас бір той үшін 5 млн теңге алады»: Әншілердің гонорары белгілі болды

Ең арзаны Нұрлан Еспанов екен.

«Қайрат Нұртас бір той үшін 5 млн теңге алады»: Әншілердің гонорары белгілі болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық өнер жұлдыздарының бір тойдан алатын гонорары еліміздегі орташа жалақыдан 10 есе артық. Бұл туралы КТК тілшілері жүргізген сауалнамада белгілі болды. 

Тойдағы ең қымбат әншілердің бірі — Қайрат Нұртас. Оны тойға шақыру үшін 5 миллион теңгеңіз болуы керек.

Әншілердің той-бизнестегі табысы таңдай қақтырады. Мәселен, Жанболат пен Жазираның гонорары 2 жарым миллион теңге. Бұл соммаға олар жас жұбайларды ортаға алып шығады және тойдың ортасында 4-5 хит әнін шырқайды.

Тоқтар мен Бейбітті тойға шақыру құны да 2 жарым миллион теңге. Алайда мерекелік шара өзге қалада болған жағдайда, қонақүй мен ұшақ билетін бөлек төлеуге тура келеді.

Әнші Айқынның шарты да осындай.

Жұбаныш Жексен қуанышымда өнер көрсетсін дейтіндер 1 жарым миллион теңгесін дайындап қойғаны абзал.

Той-бизнестің жарқын өкілі Нұрлан Еспанов араларында ең арзаны екен. Оның өзі 1 миллион 200 мың теңгеге тойыңызда қонақ болып, өнерін паш етуге дайын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор