Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Азиз Қалижан Редактор
09.05.2025, 18:30
622
Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті Әкімдік

500-ден астам дрон көкке көтерілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 мамыр күні Алматыда  Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды дрондар шоуы ұйымдастырылды.

Мереке күні 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, жарық пен анимация арқылы ерлік пен жанқиярлықты, есте қалған ерлікке толы сәттерді баяндады. Шоу өткен Абай алаңына 60 мыңнан астам қала тұрғыны жиналды. 

Шоудың ашылу сәтінде «80 • 1941–1945» деген жазуы бар жұлдыз пайда болды. Бұл ерліктің символы әрі ұлы жеңіс жылдарын еске салатын белгі. Одан кейін аспанда жауынгер каскасы мен қызыл қалампырлар бейнеленіп, соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсетілді. Ең әсерлі көріністің бірі – соғыстан оралмаған сарбаздардың рухын бейнелейтін ұшып бара жатқан тырналар композициясы болды.

Шоудың маңызды бөлігі қазақстандық қаһармандарға арналды. Аты аңызға айналған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың кезегі келгенде, Мәншүк – пулеметпен, Әлия – мылтықпен шықты. Сондай-ақ, жауынгерлік ұшақпен тұрған әйгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновтың бейнесі де болды арасында.  Халық қаһарманы, қолбасшы әрі жазушы Бауыржан Момышұлының тұлғасы батырлық пен қайсарлықтың символы ретінде көрсетілді. 

Бұдан өзге көріністерде Жеңіс туының көтерілу сәті, жұлдыз пішініндегі Мәңгілік алау мен «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» деген жазу бейнеленді. Шоудың ақтық сәтінде қазақы оюмен көмкерілген композиция мен жарқыраған «Жеңіс күні құтты болсын!» деген жазу көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Бұл жарық шоу –  еске алу шарасы ғана емес, тарихи мұраны жаңа буынға жеткізудің жаңа тәсілі. Ол тарихты ұмытпай,  оған мақтанышпен қарау керектігін еске салды.

Көрермендерге Абай алаңында, «Қазақстан» қонақүйі жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында арнаулы  алаңдар даярланды. Шоу кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Алматыдағы дрондар шоуы Жеңіс күнін атап өтудің жарқын әрі есте қаларлық сәтіне айналды. Шоудың әсерін күшейткен әскери жылдардағы әндер мен патриоттық әуендер әр көріністің эмоциялық қуатын арттырып, көрермендердің көкейіне мақтаныш сезімін ұялатты.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады