1051

Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды

Белгілі болғандай автобус жүк көлігімен соғысқан көрінеді.

Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды
Ақтөбе ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында Әйтеке би ауданына қарасты Көрпе ауылы маңында жол-көлік апатынан бір адам қайтыс болды. 

Оқиға салдарынан сол жерде автобустың жүргізушісі бақиға аттанған. Аталған жол-көлік оқиғасы Самара–Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы аумағында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар мінген автобус соқтығысқан. 

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүк көлігінің тіркемесіне жанасып, соғылған. Оқиға кезінде онда барлығы 6 жолаушы болған көрінеді. 

Автобус жүргізушісі қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігімен арадағы қашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүк көлігі тіркемесінің бір бүйіріне соқтығысады. Автобус жолдан шығып кетіп, жүргізуші көз жұмды. Жолаушыларда қандай да бір жарақат жоқ,- деп мәлімдеді Әйтеке би аудандық полиция бөліміндегідер. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор