Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
10.05.2025, 17:17
877
Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) бейнежазбадан

Каспий маңында итбалық пен құстардың өлекселері табылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Балық инспекциясы бұл қалдықтар өткен жылы күзде итбалықтар жаппай қырылған кезде қалып қойған деп мәлімдеді.

Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр және Сайын Шапағатов елді мекендерінің тұрғындары Каспий теңізінің жағалауынан өлі итбалықтардың өлексесін тапты. Тұрғындар экологтарды хабардар етті, содан кейін мамандар жағалауды тексеріп, теңіз жануарларының қалдықтарын тіркеді.

Облыстық балық инспекциясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қонарбай Базарбаев өлекселердің көпшілігі техника жете алмайтын, жету қиын жерлерде орналасқанын айтты. Оның айтуынша, кейбір қалдықтар өткен жылы күзде итбалықтардың жаппай қырылуы тіркелген кезде сақталған болуы мүмкін.

"Былтыр күзде бұл аумақтан 130-ға жуық өлі итбалық табылған. Оның біраз бөлігі сол уақыттан қалған болуы мүмкін. Қазір әкімдік көлікке қолжетімді жерлердегі жануарлардың денесін шығаруға кірісті. Баруға қиын аймақтар мәселесі әлі де талқыланып жатыр", – деді Қонарбай Базарбаев.

Ол жағалаудан өлген құстардың өлекселері табылғанын хабарлады. Облыстық экология департаментінің мамандары зертханалық талдау үшін теңіз суынан сынама алды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды