«Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
10.05.2025, 18:41
2617
«Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) yanevesta.kz

Менде ондай ақша жоқ дейді тойдан шаршаған Бибігүл.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астаналық 22 жастағы Бибігүл тойларға барудан не себепті бас тартқанын түсіндіріп, TikTok-та видео жариялады. Бұл шағын ролик күтпеген жерден мыңнан астам репост жинап, желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бұл туралы Tengri Life жазды.

Бибігүл жазда болатын тойларға қатысу санын қысқартуға шешім қабылдаған. Айтуынша, тойға бару — қаржылай тұрғыдан үлкен салмақ. Видео барысында ол былай дейді:

"Маған тойға шақыру жібермей-ақ қойыңыздаршы. Себебі менде ондай ақша жоқ. Апта сайын кем дегенде бір тойға шақыру сілтемесі келеді. Қазірдің өзінде оннан асып кетті. Әлі жаз басталған да жоқ қой... Ал жазда не болмақ?"

Ол кейбір тойларға баруға тырысатынын, жас жұбайлардың қуанышына шын жүректен қуанатынын айтты. Бірақ, мойындауынша, әр той — қонақ үшін қыруар шығын: жол ақысы, баспана, сыйлық, киім-кешек. Әсіресе той басқа қалада өтетін болса, бұл шығындар еселене түседі.

Бибігүл бұл видеоны алдымен достарына ғана арнап түсіргенін айтады. Құрбылары да дәл осындай қиындықтарға тап болатынын айтқан соң, ол видеоны TikTok-қа жүктеп көруді жөн көріпті. Арнайы танымал болу ниеті болмаған.

"Жаз — той маусымы. Жыл сайын қатысамын. Сыйлыққа кететін сома туыстық қатынасқа, шара форматына байланысты. Бірақ бірінен соң бірі шақыра берсе, қалта көтермейді."

Қазіргі таңда Бибігүл Астанада әпкесімен бірге косметика дүкенін ашып, кәсіп бастап жатыр. Оның айтуынша, әр той — жаңа көйлек, жол шығыны, қонақүй, сыйлық дегендей, бәрін есептегенде, шығын шаш етектен. Сондықтан ол биыл тойларға таңдап баруға мәжбүр екенін ашық айтты.

TikTok қолданушылары оның жазбасына белсенді пікір қалдырып, көпшілігі қолдау білдірді:

"Жасым 33-те, тойда болмағалы алты жыл өтті", "Жыл соңында өзің үйленсең, бәрі орнына келеді", "Бізді шақырса, қуанамыз. Бірақ бару оңай емес" дейді олар.

 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді