858

Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО)

Ақтауда жол үстіндегі жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Telegram желісіндегі Kozachkov Offside арнасында 9 мамыр күні түнде Ақтауда болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды.

Куәгер түсірген кадрлардан 5-шағын ауданда орналасқан Pinta мейрамханасының қарсы бетінде шамамен он шақты ер адамның жол үстінде жанжалдасып, төбелесіп жатқанын көруге болады.

Видеода екі адам асфальт үстінде жаға жыртысып, бір-бірімен жұдырықтасып жатыр. Оларға тағы бірнеше адам қосылып, біреуіне бірнеше соққы жасайды. Бірнеше метр жерде тағы екі жас жігіт бірін-бірі ұруға әрекет жасап, жұдырық пен аяқ сермеп жүр. Төбелестің кесірінен жолда көлік тығыны пайда болған. Кадр соңында оқиға орнына полиция патрулі келгені де көрінеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор