«Күйеуімді жиенімнің құрбысына үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2025, 18:36
6918
«Күйеуімді жиенімнің құрбысына үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты жеке мұрағаттан

Қызым біреумен таныссаңшы дей береді дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халық әртісі Майра Ілиясова 70 жылдық мерейтойының қарсаңында жеке өмірі туралы ашық әңгімеледі. Әнші Динара Сәтжанға берген сұхбатында бірінші күйеуімен не үшін айырылысқанын және бұл шешімді қалай қабылдағанын бүкпесіз баяндады.

— Қызым психологиялық жарақат алмасын деп, бұрынғы күйеуіме өзім қыз іздедім, — дейді өнер иесі. — Әпкемнің қызына: «Сенің құрбыларың бар ма?» деп жайлап сұрадым. «Екі құрбым бар», — деді. Сол құрбының бірімен бұрынғы күйеуімді таныстырдық. Бастапқыда екі жыл көнбей қойды. Мен оған: «Мен өнерден кете алмаймын. Саған қасыңда отыратын, тамағыңды жасап, кіріңді жуатын, ұл тауып беретін әйел керек.

Уақыт өте ол қызбен отбасын құрды. Қазір 13 жаста ұлы бар, екеуі бақытты өмір сүріп жатыр. Біз екі бөлек отбасы болсақ та, қарым-қатынасымыз жақсы, жиі араласамыз. Қызымыз ата-анасының ажырасқанын мүлде байқамады. Сол үшін де бәрін осылай істедім», — дедім.

Әнші бұрынғы күйеуі қазір бақытты екенін айтты.

— Бақытжан (бұрынғы күйеуі) да қиналған жоқ, өмірлік серігін тапты. Қызы мен ұлы бар. Одан артық не керек? Ештеңе жоғалтқан жоқпыз. Кейбіреулер: «Майра апай күйеуіне қыз тауып беріп, әйел алып беріпті», — деп таңғалып жатады. Тіпті «Күйеулерімізді бұзатын болды» деп ойлайтындар да бар шығар. Бірақ мен бәрін қызымның болашағы үшін жасадым, — дейді Майра Ілиясова.

Әнші бұдан кейін де өмірінде сезім білдірген ер адамдар болғанын, алайда қарым-қатынас құруға жүрегі бармағанын айтады.

— Күйеуіммен өнер үшін ажырастым. Одан кейін менің көңілімнен шығатын, жаныма жақын ер адам жолықпады. Иә, жақсы көретінін айтып, кездесуге ұсыныс жасағандар болды. Бірақ мен ол жайында мүлде ойламадым. Кейбір құрбыларым «жігіт табамын, тұрмыс құрамын» деп өз бақытын тапты. Ал мен тұрмысқа шығу туралы мүлде бас қатырмадым. Қазір өкінбеймін. Бірақ қызым соңғы кезде ренжіп жүр. «Анашым, күйеуге шықшы. Кешке жалғыз жүретініңе уайымдаймын. Түнде сен үйге кіргенше ұйықтай алмаймын. Біреумен таныссаңшы», — дейді. Бұрын бір жігітке көңілім ауған сәттер болған, бірақ қызымның қабағы түсіп кететін. Сол үшін де өзімнің сезімімді жиып қоятынмын.

Майра Ілиясова қазіргі таңда жалғыздыққа мойымағанымен, қызын түсінетінін, алайда жасы келгенде тұрмысқа шығу – қазақ ұғымында ұят саналатынын да жасырмады.

— Қызым күнде күйеуге шық дейді. Бірақ қазақта осы жаста күйеуге шығу деген ыңғайсыз ғой, — деп ағынан жарылды халық әртісі.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді