«Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО)
Үш жылда бірінші рет өтініш айтып тұрмын деп жалынды қызы Айсәуле.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің балаларына қараудан бас тартты.
Блогер Айсәуле Бақытбек анасына пранк жасады. Ол отбасылық әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялады.
Онда блогер анасына: «Достарымыздың кешіне баратын едік, үш баламды қарай тұрыңызшы. Үш жылда бір-ақ рет өтініш айтып тұрмын» деді. Алайда Баян Алагөзова жиендерін қараудан үзілді-кесілді бас тартты.
«Басың істей ме? Ата-әжесі қайда?! Бала күтушісі қайда?! Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Мені де танымайды. Жоқ, жоқ, жоқ. Балаларыңа жауапкершілік ала алмаймын», – деді продюсер.
Материал авторы