«Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді

Азиз Қалижан Редактор
12.05.2025, 20:10
1088
«Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді бейнежазбадан

Есірткі қабылдап ұсталған әйгілі Q–Pop жанрындағы Madmen тобының мүшесі істеген ісіне өкінетінін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы Madmen тобының мүшесі Алимұрат Ибраимов пен ММ Entertainment хореографтары өздерінің өткен қателіктері мен ауыр үкім жайлы ашық айтты. Олар есірткіге тәуелділік, қылмыстық топқа байланысы және темір тордың ар жағындағы өмір туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Қазақстандық Q-Pop бағытының танымал тобы Madmen-нің мүшесі және компанияда қызмет еткен хореографтар есірткі саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болғаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Олардың бірі – Алимұрат Ибраимов. Қазір ол 16 жылға сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатыр.

«Иә, мен біраз уақыт есірткі қолдандым. Бұл – менің кінәм. Біз жеті адамнан құралған қылмыстық істе сотталдық. Кейбіреуі есірткі жасап, сақтаумен айналысса, өзгелері — жай ғана қолданушылар. Мен олардың кейбірімен мүлде таныс емеспін», – дейді Ибраимов.

Оның айтуынша, топтың продюсері Руслан Хван, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болған. Ибраимов тек есірткі қолданғанын, ал топ мүшелерінің нақты не істеп жүргенін білмегенін алға тартады.

«Мен ол кісіні досым ретінде қабылдадым. Біз бірге өстік, бірге нан бөлістік. Ол менің продюсерім еді, бірақ мен оның заңсыз әрекеттері туралы білмедім. Мен жай ғана оған сендім. Артық сенім мені осындай жағдайға алып келді», – дейді бұрынғы әнші.

«Мені 15 жыл 3 айға соттады»

Сагнаев Диас пен Максимов Руфат есімді хореграф жігіттер де осындай айыппен түрмеде отыр. Екеуі де өздерінің есірткіге қалай тәуелді болып кеткенін баяндады.

«Басында жай ғана кештерде байқап көрдім. Кейін байқамай тәуелді болып қалдым. Мефедронға үйреніп кеттім. Бір жарым жыл қолдандым. Қазір бәріне өкінемін», – дейді Диас Сагнаев.

Ал Руфат Максимов әскерден кейінгі өмірінде бұрынғы ортаға қайта түсіп кеткенін айтады:

«Әскерден келген соң төрт айдан кейін қайтадан сол ортаға бардым. Қолдануды тоқтатқандай болғанмын, бірақ қайтып кеттім. Себебі — сол баяғы орта, сол баяғы ‘қызық’... Есірткі – құмарлық. Ол сені тартып алады», – дейді Руфат.

Олардың айтуынша, бұл жағдайға шығармашылық емес, негізінен орта кінәлі.

Түрмедегі өмір: үміт пен өкініш

Бүгінде бұл жігіттер темір тордың ар жағында отырып, өз қателіктерін түсінгенін айтады. Көбі алғаш келгенде алған үкімге сенбей, есеңгіреп қалғанын жасырмайды.

«16 жыл дегенді естігенде, не істерімді білмедім. Ешкім саған келіп, жұбатпайды. Сен өзіңмен, өз ойыңмен жалғыз қаласың. Уақыт өте келе ғана қабылдай бастайсың», – дейді Алимұрат Ибраимов.

«Түрмеде 1000 адам бар, соның 400-і есірткіге байланысты. Оның жартысы – жастар. Көпшілігі 18-20 жаста. Тіпті есірткі дайындамаған, тек қолданған немесе 'закладка' қойғандары да 10 жыл алып отыр», – дейді ол.

«Есірткі – өміріңді кері тартатын нәрсе»

Жігіттер қазіргі жастарды есірткіден аулақ болуға шақырады. Есірткімен байланысқан әрбір адам ерте ме, кеш пе, соның зардабын тартады дейді.

«Басында бәрі қызық көрінеді, оңай ақша сияқты. Бірақ соңында – бостандық жоқ, армандар жоқ, тек өкініш пен үкім қалады», – дейді Сагнаев.

Ал Руфат сөзін былай түйіндеді:

«Аллаға шүкір, бүгінгі күнім үшін. Күн сайын Алла Тағаладан кешірім сұрап, үміттенемін. Бір күні бостандыққа шығып, жақындарыма оралғым келеді. Қазір келген жас жігіттерге жаным ашиды».

Еске сала кетейік, 2021 жылы Алматы полициясы есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталғандар арасында танымал Q-pop тобының мүшелері мен продюсері бар екені белгілі болған еді. Сол уақыттары полиция полковнигі Бақытжан Әмірханов топ өз танымалдығын пайдаланып, есірткі саудасын жүргізгенін айтқан еді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады