«Кішкентай інісі, өз әйелі мен өгей баласы»: Туыстарын аяусыз өлтірген қаскөй өмір бойына қамалды

13.05.2025, 10:18
638
«Кішкентай інісі, өз әйелі мен өгей баласы»: Туыстарын аяусыз өлтірген қаскөй өмір бойына қамалды әлеуметтік желіден

Петропавлда үш адамды өлтіріп, артынша өртеп жіберген 26 жастағы ер адам сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен аса ауыр қылмыстық іс қаралды.

Нәтижесінде 26 жастағы Александр Канищев үш адамды — оның ішінде сәби мен кәмелетке толмаған баланы — аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сот залында айыпталушы өзін видео және фотоға түсіруге рұқсат берген жоқ.

СҚО мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріповтің мәліметінше, Александр Канищев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің:

  • 99-бабы 2-бөлігінің 1, 3 және 5-тармақтары бойынша (екі немесе одан да көп адамды, соның ішінде дәрменсіз күйдегі және айрықша қатыгездікпен кісі өлтіру),

  • 99-бабының 3-бөлігі бойынша (жас баланы өлтіру),

  • 191-бабының 1-бөлігі бойынша (тонау)

баптары бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен ол қылмыстық атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі мекемесінде жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар, Канищев маскүнемдіктен емделуге міндеттелді.

Бұған қоса, айыпталушы:

  • сот-медициналық сараптама шығындары үшін 2 млн 748 мың теңге,

  • жәбірленушілерге моральдық өтемақы ретінде 30 АЕК немесе 118 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Қанды оқиға қалай болған?

Қылмыс 2023 жылдың қыркүйек айында Петропавлда болған. Айыптау актісіне сәйкес, Канищев анасының үйінде өзінің азаматтық некедегі жұбайымен жанжалдасып, оны өлтіруге бел буған. Алдымен, әйелінің қолындағы кішкентай қызды (сәбиін) көтеріп алып, өз бойымен шамалас биіктіктен кіреберіс еденге бар күшімен лақтырып жіберген. Сәби оқиға орнында жан тапсырған.

Осыдан кейін, әйелінің полицияға шағымданатынын білген Канищев оның аузын, мұрнын жауып, тұншықтырған. Есінен танып қалған әйелді өлді деп ойлап, ізін жасыруға тырысқан. Артынша оқиға куәгері болған туған інісін де тұншықтырып өлтіреді.

Қылмыс ізін жасыру мақсатында пәтердің кіреберісіне әдейі от қойған. Нәтижесінде, әйел адам газ иісінен уланып көз жұмды. Өз кінәсін жасыру үшін Канищев терезені сындырып, сыртқа шығып, көршілерден көмек сұраған.

Бұрынғы қылмысы мен аппеляция

Тергеу барысында Канищевтің бұған дейін де қылмыс жасағаны анықталған: 2021 жылы туған күн кешінде танысының курткасынан әмиян ұрлап кеткен.

Айта кетейік, былтыр күзде алқабилер алқасы Канищевті кінәсіз деп тауып, ол сот залынан босап шыққан болатын. Алайда прокуратураның аппеляциялық шағымынан кейін іс қайта қаралды. Екінші қаралымда алқабилер оны кінәлі деп танып, сот үкімі шықты.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)