«Жыныс мүшесін шығарып қозғады»: АҚШ-тағы қазақ студенттері педофилді ұстап алды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.05.2025, 17:03
1123
«Жыныс мүшесін шығарып қозғады»: АҚШ-тағы қазақ студенттері педофилді ұстап алды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Педофилді ұстаған кезде полицейлер тіпті тікұшақты да шақырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 7 мамырда Американың Калифорния штатында оқып жүрген қазақ студенттері азаматтық жауапкершілік танытып, балаларға тиіспек болған ер адамды ұстауға көмектесті.

Студент Омар Жолдасбектің айтуынша, жергілікті чаттардың бірінде бейтаныс адамның балаларға қатысты бейәдеп әрекет жасап жатқаны туралы хабарлама тараған. 

«Бүгін балалармен серуендеп жүрдік. Бассейн маңында қара нәсілді ер адамды көрдік. Ол отырған сияқты болды, ал біз ойнап жүрдік. Джакузиге жақындағанымызда, ол джакузидің қасында көк шатырдың жанында отырды. Кенеттен ол өзінің жыныс мүшесін шығарып, қозғай бастады. Балалармен қатты қорқып, қашып кеттік. Басшыларға (менеджерлерге) шағымдандық, бірақ олар ештеңе істемеді, жай ғана әлгі жігіт кетіп қалды. Сақ болыңыздар! 7-лифт маңында педофил жүреді. Қазір қызым одан қашып құтылды», – деп жазылған тұрғындар чатында.

Жастар бірден әрекетке көшіп, ғимаратты шолып шыққан. Күзет қызметін шақырған, бақылау камераларын тексеріп, күдіктіні іздей бастаған.

«7 мамыр Отан қорғаушылар күні ерекше өтті. Үйде отырсам, чатқа әйелдер біздің үйде бір жігіт балаларға мүшесін көрсетіп жүргенін жазып жатыр екен. Біз жігіттер бірден жиналып, бүкіл қабаттарды түгел шолып шықтық, күзетшілерді көтеріп, камераларды тексердік. Шамамен 5 сағат іздеп, ақыры көшеден тауып алдық. Полиция келгенше ұстап тұрдық, кейін тәртіп сақшылары алып кетті. Бастапқыда полицейлер оны ұстағанда не істейміз дегенде осы жердің қазақтары айғай-шу шығардық. Содан кейін ғана олар іске кірісті», – деді Омар Жолдасбек.

Видеода отандасымыз Омар Жолдасбек күдіктіні жергілікті полицейлер бірінші реттен ұстай алмағанын, электрошокер қолданса да қашуға тырысқанын айтады. Ер адамды ұстауға 20-30 шақты тәртіп сақшысы келіп, оқиға орнына тікұшақ та шақыртылған. 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды