SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі, халық әртісі Майра Ілиясоваға реніші барын жасырмады.
Өнер иесі болған жайтты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Айта кетейік, халық әртісі журналист Динара Сәтжанмен сырласып, әріптестерін сахнаны сыйлауға шақырған еді.«Шүкір! Семіз емеспін, бос сөз айтып күлдірмеймін, мас күйімде сахнаға шықпаймын, ең бастысы – туфлиім де, арым да таза. Бірақ, мен үшін бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Әлибидің адвокаттарына, халықтың жинаған ақшасына қатысты өршіген дау-дамайдан кейін, жаздың күні Майра апай, маған «албасты» деді. Міне, мәдениет деген осы болар ….Тек бұл жалғаннан ерте озған Мадина Ералиева әпкеме арналған бағдарлама болған соң әруағын сыйлап, түсірімнің аяғына дейін тып-тыныш қана отырдым …Үндемедім, жауап қатпадым ….Бірақ жаман болдым, – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
«Жасы үлкен әйелдер сахнада тұрып, ауыздарына келгенін айтады. Бұл дұрыс емес. Біздің сахнаға мас болып шығуға хақымыз жоқ. Туфилімізге дейін таза болу керек. Мәдинаны мақтап жүремін. Толық болып сахнаға шығатындар да бар. 70 жасқа келсек те, әлі күнге дейін сахнаға қалай болса солай шықпаймыз», – деген еді әнші.