Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды

Аиса Махамбет Редактор
14.05.2025, 14:05
857
Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды бейнежазбадан

Трендке ерген қыздар жазасын алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау мен Даңқ обелискісі жанында түсірілген әдепсіз би видеосы екі оқушы қыз үшін айыппұлмен аяқталды. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 2 мамыр күні сағат 16:00 шамасында болған. 2008 және 2009 жылы туған Ж. мен И. есімді кәмелетке толмаған қыздар мемориал маңында әдепсіз би билеп, оны видеоға түсірген. Бұл әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 4-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.

TikTok трендіне ерген

Сот барысында қыздар өз кінәсін толық мойындады. Олардың айтуынша, би 9 Мамыр мерекесіне орай бейнеролик түсіру мақсатында хореографтың шақыруымен ұйымдастырылған. Алайда TikTok-тағы "трендті" қайталағылары келіп, орынсыз контент түсірген.

"Ж. есімді қыздың айтуынша, би идеясы TikTok-тағы видео көргеннен кейін туған. Кейін видеоны Instagram желісіндегі жабық парақшада “паркіні қорлап жатырмыз” деген жазумен бөліскен", – деді соттың баспасөз қызметі.

И. есімді екінші қатысушы да осыған ұқсас түсініктеме берген. Оның айтуынша, бұл әрекет Жеңіс күнін атап өту жоспары аясында болғанымен, контент пен тұжырым дұрыс таңдалмаған.

Айыппұл және ата-аналарға жаза

Сот 16 жасқа толған екі қызға 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салды. Ал қалған екі қыздың жасы 16-ға толмағандықтан, олар бойынша ата-аналарына қатысты әкімшілік материалдар рәсімделген.

Айта кетейік, видео әлеуметтік желіде “Жеңіс саябағын қорлап жатырмыз” деген жазумен таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қолданушылар бұл әрекетті Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың рухына тіл тигізу деп бағалап, кінәлілерді жазалауды талап еткен.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды