Ақтаулық ер адам өз баласын итше төбелестіріп, соны видеоға түсірген (ВИДЕО)

14.05.2025, 18:51
1027
Ақтаулық ер адам өз баласын итше төбелестіріп, соны видеоға түсірген (ВИДЕО) бейнежазбадан

Баласын қатарластарымен бірге-бір шығарып, төбелестірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда әке баласын көшеде төбелестіріп, видеоға түсірді.

Ақтауда әке өз баласын қатарласымен төбелестіріп, бұл сәтті видеоға түсірген. Желіде тараған кадрлардан ер адамның баласына «соңына дейін жеткіз» деп айқайлап, төбелесті қолдап тұрғаны байқалады.

Жазба авторларының айтуынша, әкесінің өзі ұлын бірнеше баламен төбелесуге итермелеген. Тіпті араша түспек болған жігітті де тоқтатып, кедергі жасамапты.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Барлық қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілген. Баланың әкесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 және 128-баптары (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау және оның құқықтарына қысым көрсету) бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Сонымен қатар оқиға материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарауына берілмек.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды