SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі дін насихаттаушы, тәлімгер Мұхамеджан Тазабек желідегі оқырмандарына қуанышты жаңалығын айтты.
Мұхамеджан Тазабек Instagram парақшасында отбасындағы маңызды жаңалықпен бөлісті. Айтуынша, екі күннен кейін қызы Фатиманы ұзатпақ.
«Бүгін қызым Фатимамен қалаға қыдырып шықтым. Бұл жолы ерекше себеп бар. Қандай деп ойлайсыз? Алла қаласа. екі күннен кейін қызымды ұзатқалы жатырмын. Соның алдында әке мен қыз болып сырласып, өмір туралы әңгімелесіп, түйген тәжірибе, ақыл-өнегенің түйінін айтып уақыт өткіздік», — деп жазды ол.