Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты

16.05.2025, 10:47
718
Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты Қорғаныс министрлігі

АҚШ армиясының рекордын сержант Дархан Аслан жаңартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері АҚШ-тың Аризона штатындағы Кемп Навахо базасында өтіп жатқан жыл сайынғы Best Warrior байқауына қатысып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазақстан намысын 54835 әскери бөлімінің 3-сыныпты сержанты Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімінің 3-сыныпты гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков қорғап жатыр. Екеуі де – кәсіби шеберлігімен танылып үлгерген сарбаздар.

Биылғы дода 18 мамырға дейін жалғасады. Жарысқа АҚШ-тың жеті штатынан және Фиджи, Гуам, Тонга, Филиппин елдерінен келген үздік әскери қызметкерлер қатысып жатыр. Олар армиялық фитнестен бастап, тактикалық медицина, түнгі күзет, жергілікті жерді бағалау, картамен жұмыс, ату жаттығулары мен 22 шақырымдық әскери маршқа дейін қамтитын 10 негізгі кезең бойынша сайысуда.

Қазақстандық сарбаздар АҚШ армиясының қару-жарағын және жабдықтарын қолдана отырып, барлық жаттығу мен нормативтерді жоғары деңгейде орындап жатыр.

Аслан Дархан 800 метрге жүгіруде 2 минут 5 секунд нәтижемен Аризона Ұлттық гвардиясы тарихындағы рекордты жаңартты. Бұл – байқау тарихында болмаған нәтиже.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді