Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен

16.05.2025, 12:02
654
Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен бейнежазбадан

Таңғы сағат 4-те жаппай төбелес болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Мәметова көшесінде болған төбелеске қатысушылар 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті жазды. Бұған дейін желіде төбелестің видеосы жарияланған. 

Telegram-дағы Astanovka98 арнасында ел астанасында болған төбелестің видеосы жарияланды. Видео сипаттамасында төбелестің таңғы сағат 4-те Мәметова көшесінде болғаны айтылған.

"Бір топ жігіт екі баланы соққыға жыққан. Кадрдан олардың біреуін бірінші тепкілеп, кейін бірнеше рет жұдырықпен ұрғанын көруге болады", - делінген видеоның сипаттамасында.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі желідегі видеоға қатысты түсінік берді.

"Төбелеске қатысушылардың бәрі анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған бала бірнеше жас жігіт тұрған бөтен пәтерге қателесіп кіріп кеткен. Осыдан кейін олардың арасында жанжал туындаған.

Ұсталғандарға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен құқық бұзушылар 15 тәулікке қамауға алынды", - деп хабарлады Полиция департаменті өкілдері.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды