«Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған

16.05.2025, 16:58
952
«Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Павлодарда ұялы телефонды шоколад қағазына орап колонияға кіргізбек болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысындағы №45 түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу әрекеті әшкереленді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру кезінде 6679 әскери бөлімінің сарбаздары мұқият жасырылған ұялы телефон мен бірнеше SIM-картаны тауып алған. Ұялы құрылғылар шоколадтың орамына оралған.

— Ұлттық ұлан қызметкерлерінің қырағылығының арқасында колония аумағына байланыс құралдарының өтіп кетуіне жол берілмеді. Бұл мекеме қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіруі мүмкін еді. Аталған жайтқа байланысты қызметтік тексеру басталды. Жіберуші мен құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталып жатыр, — деді баспасөз қызметі.

ҚАЖ мамандарының айтуынша, ұялы телефон, SIM-карта және басқа да тыйым салынған заттарды колонияға кіргізу — заң бұзушылық. Мұндай әрекет әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды