Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Бүгін, 17 мамыр – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Бүгін ол 72 жасқа толды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Кремльдің ресми сайтында арнайы қолтаңбамен жолдаған лебізін жариялады.
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Біз Сіздің мемлекеттеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қарым-қатынастар бауырлас Ресей мен Қазақстан халықтарының игілігі, еуразиялық кеңестікте қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында алдағы уақытта да жемісті жалғасын табатынына сенімдімін.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен денсаулық, игілік пен мемлекет болашағы жолындағы қызметіңізге сәттілік тілеймін, - деді ол.
Материал авторы