«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
19.05.2025, 16:57
143
«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді дейді анасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаАқтөбеде «Жол қозғалысының жас инспекторы» жарысы кезінде 13 жастағы оқушы қыз мұрнын сындырып алды. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Анасы болған жағдайға жарыс ұйымдастырушыларын және облыстық полиция департаментін кінәлайды.

Оқиға 16 мамыр күні облыс орталығындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткен жарыс кезінде болған. Іс-шараны Ақтөбе облыстық ПД ұйымдастырған. Зардап шеккен оқушы — Қандыағаш қаласындағы №4 мектептің 7-сынып оқушысы Махаббат Жалғас.

Оқушының анасы Айнұр Шәріпованың айтуынша, қызы велосипедпен жарысып келе жатып құлап түскен. Құлау сәті мектеппен бірге барған мобилографтың камерасына түсіп қалған.

«Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді. Қызымның жағдайы нашарлаған соң, сол жерге үлкен қызым 103-ке хабарласып, жедел жәрдем шақырды. Ауруханада мұрнын рентгенге түсіріп, кейін қайта саябаққа бардық. Жарыстан соң автобуспен балалармен бірге үйге қайтты. Жол бойы қызым ұйықтап келді. Үйге келген соң лоқсып, басы айналып, мазасыздана бастады. Кейін мұрнының сол жақ сүйегі сынғаны анықталды», – дейді ол.

Анасы жарыс ұйымдастырушылары қауіпсіздік талаптарын сақтамағанын, жарақат алған балаға бірден көмек көрсетілмегенін айтады.

Ал облыстық полиция департаменті бұл айыптаулармен келіспейді. Олардың айтуынша, жарыс кезінде медициналық көмек көрсету тобы тұрақты жұмыс істеген.

«Шара барысында жедел жәрдем қызметінің бригадасы оқиға орнында болды. Бала құлап, жарақат алған сәтте алғашқы көмек көрсетілді», – делінген полиция таратқан ресми мәлімдемеде.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы да оқушының қазіргі жағдайын түсіндірді:

«2012 жылы туған қыз 16 мамырда Мұғалжар аудандық ауруханасына түсті. Хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы – қанағаттанарлық», – деді ведомство өкілдері.

 
«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды