Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды

20.05.2025, 10:50
560
Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды Sputnik / Абзал Калиев

Заманауи киім тігу фабрикасын ашу үшін аудан әкімі мен қытайлық компания өкілі кездесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Мақтаараул ауданында мектеп формаларын тігетін тігін фабрикасы іске қосылмақ.

Атакент кентінде заманауи киім тігу фабрикасын ашу мәселесін талқылау мақсатында аудан әкімі Бақыт Асанов Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы іскерлік ынтымақтастық негізінде құрылған «FANGAO киім тігу» ЖШС  өкілі Джу Ян Кунмен кездесті. Аталған кәсіпорын – екі ел арасындағы өндірістік кооперацияның жарқын көрінісі.

Компания Атакент кентінен жалпы көлемі 1 200 шаршы метрді құрайтын, толық жөндеуден өткен ғимаратта киім тігу фабрикасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жоба аудан экономикасына елеулі серпін беріп қана қоймай, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Фабриканың басты миссиясы – отандық нарыққа заманауи талаптарға сай, жоғары сапалы мектеп киімдерін ұсыну. Алғашқы кезеңде Мақтаарал ауданы мен көршілес аудандардың мектеп оқушыларын толықтай отандық өніммен қамту көзделуде. Мұндай бастама ата-аналар үшін де тиімді, себебі сапа мен баға арасындағы тепе-теңдік сақталып, шетелдік өнімдерге тәуелділік азаяды. Болашақта фабрика өз өнімдерін еліміздің басқа өңірлеріне де ұсынуды жоспарлап отыр.

Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы - өңір үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Жоспарға сәйкес, фабрика 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Бұл – жергілікті тұрғындар үшін табыс көзі ғана емес, кәсіби дамуға, жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін алаң. Кәсіпорын шеберлікке мән беріп, сапалы кадрлық құрам қалыптастыру мақсатында маусым айының соңынан бастап жұмысқа қабылдау және оқыту кезеңдерін бастамақ. Болашақ қызметкерлер тігін ісінің қыр-сырын үйреніп, арнайы оқыту бағдарламаларынан өтеді. Мұндай әдіс кадрлардың біліктілігін арттырып қана қоймай, өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді,-делінген әкімдік ұсынған мәліметте.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді