«17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған

20.05.2025, 12:57
934
«17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған instagram.com/azamat_sarsenbayev

Көршілер әйелдің көмек сұрап айқайлағанына тіпті мән бермеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 мамырға қараған түні Ақтаудағы тұрғын үй кешенінде қайғылы оқиға бола жаздады. 17-қабаттағы пәтерде бұрынғы күйеуімен бірге тұрған әйел қатігез зорлықтың құрбанына айналды.

Зардап шеккен әйел оқиғаны жария ету үшін блогер Азамат Сарсенбаевқа жүгінген. Оның айтуынша, 12 мамырда қайта қосылуға ниетті болған бұрынғы күйеуі кенеттен шабуылдап, ұрып-соға бастаған.

Ол әйелді екі жарым сағат бойы сабап, тұншықтырып, балконнан лақтырып жіберемін деп қорқытқан. Кейін өзін де өлтіретінін айтқан.

Жантүршігерлік жағдайға қарамастан, көршілер айқай мен көмек сұраған дауысқа мән бермей, полиция шақырмаған. Әйел агрессормен жалғыз қалған. Шок күйінде ол пәтерден қашып шығып, 17 қабатты баспалдақпен қалай жүгіріп түскенін өзі де есіне түсіре алмайды.

Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Сол түні ол құрбысының үйінде түнеген. Таңертең есін жиған соң, полицияға арыз жазған.

"Қазір әйелдің жалғыз қорқынышы — бұрынғы күйеуі оны тауып алып, бастаған ісін аяқтап тастай ма деген қауіп. Бұған дейін ол оны бірнеше рет кешіріп, полицияға шағымданбаған", — деп жазды блогер.

Liter.kz редакциясы бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысының Полиция департаментінен растау алды:

"Дене жарақаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды"

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды