Мәулен Әшімбаев сайлау қарсаңында үкіметтің жұмысына қатысты пікір білдірді

16.03.2023, 14:15
343
Мәулен Әшімбаев сайлау қарсаңында үкіметтің жұмысына қатысты пікір білдірді Zakon.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кулуарда журналистердің қазіргі үкіметтің жұмысына қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БАҚ өкілдері Сенат спикерінен "Осы үкімет құрамы жаңара ма әлде жұмысын жалғастыра ма? Мемлекеттің екінші лауазымындағы адам ретінде не айтар едіңіз?" деп, ой бөлісуін сұрады.

"Конституциямызға сай жаңа сайланған мәжіліс жұмысына кіріскен соң үкімет отставкаға кетеді. Жаңа үкімет жасақталады. Президент кімді премьер-министр етіп ұсынады, қандай министрлер тағайындалады ол президенттің құзыретінде. Сондықтан бұған араласқан дұрыс болмайды. Кішкене тоса тұрыңыздар, көп уақыт қалмады. Келесі аптада бұл мәселелер шешіледі", - деді Мәулен Әшімбаев.

Дегенмен ол "Үкімет жұмысына қандай баға берер едіңіз?" деген сұрақтан қашпады. Әшімбаев Қазақстан үшін қиын кезеңде жұмыс істеген үкіметке сенім білдірді.

"Үкіметтің осындай қиын кезеңде жұмыс істегенін айтқымыз келеді. Инфляция өсті, біраз қарызды да бүгін айттық, бюджеттің шығынын қысқарту туралы да айттық. Көп мәселені айтып жатырмыз. Бұл жерде үкімет осы мәселелерді ескеріп, келесі жылдың бюджетіне келгенде осының барлығын бюджетте қарастырады деп сенеміз. Біз осыны қамтамасыз ету үшін сынаймыз. Қазір үлкен сайлаудың алдында тұрмыз. Осындай жауапты кезең алдында баға бермей-ақ қояйын. Сайлау өткеннен кейін, тағайындаулар болғаннан кейін біз барлығын айтайық. Сол кезде осы сұрақты қойсаңыздар, өз бағамды беремін," - деді Мәулен Әшімбаев.

АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады