1449

Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты

Актер менің бір емес, екі үйім бар деп мақтанған көрінеді.

Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншатанымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі, блогер Фариза Алмазова тың деректерді бөлісті. 

Блогердің сөзінше, жұлдызды әке 8 айдан бері алимент төлемеген. 

”Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Сот орындаушысы шақырды. 8 айдан бері алимент төлемеген еді. Сол үшін арыз жаздым”, – деді Фариза.

Одан кейін актердің болашақта да алимент төлемейтінін жазған хатын жариялады. 

“Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ қойдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын”, – деп жазған актер. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор