890

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен

Желідегі дауды төбелеспен аяқтамақ болған.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен
URA.RU / Илья Московец

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Самарқанд облысында 17 жастағы 11-сынып оқушысы Instagram желісінде басталған жанжалдан кейін қатыгездікпен соққыға жығылып, оқиға орнында қаза тапты.

Қайғылы жағдай Пахтачи ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, №1 және №12 мектептердің оқушылары әлеуметтік желіде бір-бірін балағаттап, кейін кездесуге уағдаласқан. Сол кездесуде жанжал төбелеске ұласып, 17 жастағы бозбала өлімші етіп ұрылған.

Жедел жәрдем дәрігерлері жеткен кезде жасөспірімде биологиялық өлім белгілері болған: қарашықтың кеңеюі, пульстің болмауы, мойын аймағындағы жарақаттар және ауыз-бұрнағындағы қан.

Оқиға бойынша төрт кәмелетке толмаған жасөспірім күдікті ретінде танылды. Қазір қасақана ауыр дене жарақатын салу, адам өліміне әкеп соққан қылмыстық іс қозғалды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор