«4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен

Азиз Қалижан Редактор
21.05.2025, 12:02
736
«4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен бейнежазбадан

Кісі қолынан қаза тапқан марқұмның туыстары жанайқайын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда әріптесінің қолынан қаза тапқан Жанболат Кенжахметовтың туыстары қанды қылмыстың жай-жапсарын айтты. 41 жастағы марқұм он күн бұрын із-түзсіз жоғалып, зорлық-зомбылық белгілерімен өлі табылған. Туыстары күдікті бастығын өлтіруді төрт ай жоспарлағанын айтады. Бұл туралы КТК телеарнасы жазды.

"Бастығын өлтіруді 4 ай жоспарлаған": Көкшетауда кісі қолынан қаза тапқан марқұмның туыстары жанайқайын айтты

"Алдында аңдып жүргені де содан, қолайлы сәт іздеп жүрген. Неше айдан бері ойластырып. Жалғыз өзі істеген жоқ. Немесе басқа біреулерді апарып, дайындап қойды. Лудоман болған деді", - дейді марқұмның анасы Халида Игелдиева.

23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай, осы қылмысқа баруы мүмкін дейді қара жамылған ана.

8 мамырда түскі сағат үште қаза болған Жанболат Кенжеахметов күдіктінің көлігіне отырған, дейді туыстары. Телеарнаның ақпаратына сай, көше мен тұрғын үйлердегі бейнебақылау камераларына қылмыскердің әрекеттері түсіп қалған.

"Із жасыру үшін мәйітті бір күн бойы көлігінің салонына салып жүрген", - дейді КТК тілшілері.

Еске салайық, он күн бұрын жұмысқа кетіп, қайта оралмаған көкшетаулық азаматтың қинау белгілері бар мәйіті табылған еді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдікті ретінде марқұмның әріптесін қамауға алды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады