SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы, ағартушы Санжар Керімбай Наурыздың ауқымды деңгейде тойланбауына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі әсер етті деген пікір білдірді. Бұл туралы Рысбек Мәуіттің «Ой-лайық» YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді.
Ол сұхбат барысында «Неліктен Наурызды Жаңа жылдан да ауқымды етіп тойлай алмай келе жатырмыз?» деген сауалға жауап берді.
«Бұның бәрі Назарбаев дәуірінде болған оқиғалар. Назарбаевтың өзі Ресей десе жүрегі лүпілдеп қоя беретін, балаларының бәрі Мәскеуде оқыған адам еді. Ол ұлтшыл азаматтардың бәрін биліктен аластатты да, орыс мектеп бітірген, орыстілді шенеуліктерді көтерді.
Өзбекәлі сияқты ауылда Наурызды тойлап өспегендер, Наурызды жатсынуы - заңды нәрсе. Оларға оның бәрі жабайылық сияқты көрінеді. Ақшаның бәрін Жаңа жылға салады да, Наурызды тұншықтырды. Бірақ «Өзбекәлі. Мәдени майдан» шыққаннан кейін билік органдарына кітап қатты әсер етті. Сол үшін былтырдан бастап Тоқаевтың бастамасымен Наурызды он күн тойлауды бастадық», - дейді ол.