Қазақстан Өзбекстанмен шекараны шегендеу процесін толық аяқтады

16.03.2023, 17:13
528
Қазақстан Өзбекстанмен шекараны шегендеу процесін толық аяқтады inbusiness.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Екі ел арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу еліміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарының бірі болып саналады. Өзбекстанмен арада шекараны заңды ресімдеу процесі 2022 жылғы 22 желтоқсанда екі ел президенттерінің Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа қол қоюымен аяқталды. Шекараны шегендеу 2001 және 2002 жылғы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы шарттар негізінде жүргізілді», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Сонымен қатар ол шегендеу бойынша келіссөздер процесі 2003 жылы басталғанын айтты. Шекаралық белгілерді жергілікті жерде орнату бойынша жұмыстар 2004 жылдан 2021 жылға дейін жалғасты. 19 жыл ішінде Қазақстан-Өзбекстан бірлескен шегендеу комиссиясының 100 отырысы және бірлескен шегендеу жұмыс тобының отыз төрт кездесуі өтті.

«Шегендеу жұмыстардың нәтижелері бойынша шекараның ұзындығы 2 356 шақырымды құрады. Шекара сызығында 1301 белгі орнатылды. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес, Шарт ратификациялауға жатады. Осыған байланысты Сенаттың қарауына тиісті заң жобасы енгізіліп отыр. Қазақстанның сыртқы саяси мүдделері тұрғысынан Шарттың күшіне енуі Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекара сызығының жергілікті жерде белгіленуін заңды бекітуге, екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу процесін аяқтауға, мемлекеттік шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, екіжақты әрі өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның Қытаймен шығыстағы шекарасы 20 жыл бұрын тиісті халықаралық шарттармен межеленді және шегенделді. Бұдан басқа, Қырғызстанмен және Түрікменстанмен мемлекеттік шекараны межелеу және шегендеу туралы шарттар да жасалды. Сонымен бірге, былтыр Түрікменстанмен арада теңіз мемлекеттік шекарасын межелеу туралы шарт күшіне енді. Осы орайда Өзбекстанмен арада шекараны шегендеу туралы шарттың күшіне енуі арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын оңтүстік бағытта заңды ресімдеу процесінің толық аяқталғанын айтуға болады.

«Ресеймен арада шекараны шегендеуге келетін болсақ, бұл бағыттағы келіссөздер жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Бұл процесс жергілікті жерде шекаралық белгілерді орнату бойынша тиісті жұмыстарды, сондай-ақ бүкіл шекара сызығына шегендеудің қорытынды құжаттарын дайындау және келісу бойынша жұмыстарды қамтиды. Ресеймен арада шекараның ұзындығын (7548 км), оның күрделі рельефі бар учаскелердің болуын, сондай-ақ шегендеу құжаттарды дайындау бойынша жұмыстардың ауқымды көлемін ескере отырып, оны шегендеуді аяқтау үшін үш-төрт жыл қажет болады», - деді Р. Василенко.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара сызығы 5 км ұзарады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды