Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен

Азиз Қалижан Редактор
22.05.2025, 12:32
939
Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен freepik

Сабақтан келе жатқан 2-сынып оқушысының артынан аңдып, етегіне қол салған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаШымкентте бұрын сотталған ер адам баланы азғындады деп тағы ұсталды. Алғашында судья оны қамауға алудан бас тартқан. Бұл туралы Otyrar.kz сайты жазды. 

Оқиға Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Іс материалдарына сәйкес, ұрлық жасағаны үшін қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан ер адам мектептен қайтып келе жатқан қызды байқаған. Оның соңынан еріп, көмектесемін деген сылтаумен кіреберіске кіріп, әдепсіз әрекеттер жасаған. Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Ол қоныс колониясынан қайтқан соң, Шымкенттің 11-шағын ауданына Уәлиханов көшесінің бойымен түсіп, сабақтан келе жатқан 2-сынып оқушысын көрген. Ер адам 8 жасар қыздың соңынан ілесіп, онымен бірге подъезге кірген. Қызға өтірік етегінің астынан жібі шығып тұрғанын айтып, оны алып тастауға көмектесетінін айтқан. Сөйтіп етегінің астына қол жүгіртіпті. Алайда зорлық-зомбылық болған жоқ", – деді адвокат Талғат Есімов.

Оның айтуынша, сот отырысында күдікті өз кінәсін мойындады. Десе де, жақын арада бостандыққа шығатындықтан, қамауға алмауды сұраған. Прокуратура дереу қамауға алуды талап етті.

"Тергеу соты оны қамауға алудан бас тартып, оған 21 мамырда бостандыққа шығуға мүмкіндік берді. Біз бұл туралы прокуратура арқылы шағымдандық. Қалалық апелляциялық алқа прокурордың бұл жеке өтінішін жан-жақты және объективті қарады", – деді адвокат.

Апелляциялық сот тергеу сотының бұрынғы қаулысының күшін жойып, күдіктіні 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

"Барлық нақты тергеу әрекетінен кейін бұл іс жалпы тәртіпте сотқа жіберіледі. Енді оның тағдырын сот шешеді, бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деп қосты Есімов.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды