68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген

Аиса Махамбет Редактор
22.05.2025, 15:35
504
68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген depositphotos.com

Оқиға Ақсу қаласында болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылдың 8 ақпанында Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласы маңындағы Сарышығынақ ауылында 68 жастағы тұрғын азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген айыппен сот алдында жауап берді. Сот процесі алқабилердің қатысуымен өтті. Бұл туралы Ақсу қалалық соты ресми түрде мәлімдеді.

Тергеу материалдарына сәйкес, сол күні әйел үйіне келіп, бірге тұрып жатқан ер адамның асүйде арақ ішіп отырғанын көреді. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туып, әйел ашуға булығып, ер адамның жүрек тұсынан пышақ сұғып алған. Жарақат өте ауыр болғандықтан, ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Прокуратура күдіктіні 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, айыпталушы мен оның қорғаушысы толық ақтауды талап еткен. Алайда алқабилер оны Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабымен кінәлі деп таныды. Бұл бап бойынша ең төменгі жаза — 8 жыл.

Дегенмен, сот әйелдің жасы келгенін, бұрын сотты болмағанын және тұрғылықты жері бойынша жақсы мінездеме берілгенін ескере отырып, ерекше мән-жай деп таныған. Осыған байланысты ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, оған ең төменгі шектен де жеңіл жаза — 3 жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды