Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды

Азиз Қалижан Редактор
23.05.2025, 12:05
201
Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды бейнежазбадан

Баладан жарақат анықталмады дейді полиция.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция сотқа дейінгі өндірісті тоқтатып, оқушыны арқасынан өткір затпен түйреген ұстаз дене жарақатын салмаған деген қорытынды жасады.

Биылғы қаңтар айында Павлодар қаласында тақта алдына шыққан оқушыны математика мұғалімі арқасынан үшкір затпен (бұрандалы шегемен) түйреп кеткені туралы оқиға әлеуметтік желі қолданушыларын шулатқан еді.

- Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталып, іс тоқтатылды. Материалдар өндірісінде бұл істің құрамында қылмыстық заңбұзушылықтың жоқ екені анықталды. Кәмелетке толмаған ер балаға дене жарақатын келтірудің қандай да бір деректері анықталмағаны сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, кәмелетке толмағанды куәландыруды жүргізген сарапшының жауап алу хаттамасымен және кабинеттен түсірілген бейнежазба арқылы расталды,-деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, оқиға қаңтар айында, Павлодардағы №26 мектептің 9 Д сыныбында алгебра сабағы жүріп жатқанда болған. Математика пәнінің мұғалімі тақтаға шығып, тапсырманы шешіп тұрған ер баланың артынан келіп, әлденемен түйреп өтеді. Бейнежазбадан оқушының ауырсынып қалғаны байқалады әрі оның алдында мұғалімнің шкафқа жақындап келіп, одан бұрандалы шегені (шуруп) босатып алғаны да камераға түсіп қалған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, мектеп әкімшілігі аталған мұғаліммен еңбек шартын бұзып, жұмыстан шығарып жіберген еді. Әлеуметтік желі қолданушылары мектеп басшылығының шешімі дұрыс емес деген байлам жасады. Ал мектеп ата-аналары ұстазды қолдау үшін қол жинамақ болды. Ақыр-соңы педагог оқушының ата-анасынан кешірім сұрап, арада екі күн өткенде жұмысқа қайтадан алынды.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО)