"Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды

Азиз Қалижан Редактор
23.05.2025, 13:31
339
"Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды бейнежазбадан

Шерзаттың өліміне қатысты істе біреудің сотталушыға «Уайымдама, сөйлесіп қойғанмын» дегені анық естілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 мамырда өткен сот отырысында қатысушылар түскі үзіліске шығып жатқанда әлдекімдердің күмәнді диалогы эфирден естіліп қалған. Осыған байланысты сот жеке қаулы шығарды.

"2025 жылғы 21 мамырда осы іс бойынша "басты сот талқылауының үзілісі кезінде айтылған сөздердің аудиожазбасы" деп желіде таралу фактісіне Алматы облысының прокуроры назарын аударсын. Күзетпен ұстауда отырған сотталушылар қаулының көшірмесін алған күннен бастап 15 тәулік ішінде, ал сот мәжілісіне қатысқандар қаулы жария етілген күннен бастап белгіленген мерзім ішінде Алматы облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты арқылы Алматы облысы сотының Қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасына шағым немесе прокурор өтінішхатын түсіруге құқылы", - деп қаулы етті сот.

Кейін сотқа төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов қаулыны түсіндірді.

"Кеше желіде сот процесіне қатысы бар адамдардың екіұшты сипаттағы әңгімесін қамтитын бейнежазба таратылды, осыған орай сот жеке қаулы шығаруды қажет деп тапты.

Прокурор бейнежазбаның шынайылығын, диалогқа қатысушылардың кім екенін, олардың сөзінің мазмұнын анықтап, заңға сәйкес тиісті шара қабылдауға тиіс", - деді судья.

Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, іс бойынша шешімді тек сот қабылдайтынын еске салып, кез келген жорамал мен арандатушылық әрекетке жол берілмейтінін айтты.

Айта кетейік, бұл жерде сот процесіне қатысушылар үзіліске шығып бара жатқанда айтылған диалог меңзелген.

"Көзімнен жас шығып кете жаздады, дұрыс сөйледім бе?" - дейді бір ер адам.

"Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын", - деп жауап берген оған екінші адам.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО)