Қарағандыда мүгедек ерлі-зайыптыны құлдықта ұстаған қылмыстық топ сотталды

Аиса Махамбет Редактор
26.05.2025, 14:54
578
Қарағандыда мүгедек ерлі-зайыптыны құлдықта ұстаған қылмыстық топ сотталды РИА Новости / Валерий Мельников

Барлық ақша қылмыстық топтың қажетіне жұмсалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда соңғы жылдардағы ең шулы істердің бірі аяқталды. Сот төрт адамды мүгедектігі бар ер адам мен оның әйелін ұзақ уақыт бойы қанағаны, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және оған қатысқаны үшін кінәлі деп таныды.

Соттың мәліметінше, бәрі 2015 жылдың қаңтарында басталған. Істің басты айыпталушысы Қарағандыдағы ЦУМ маңында қол-аяғы жоқ Николайды әйелінің сүйемелдеуімен қайыр сұрап отырған жерінен көріп, күш көрсетіп, оларды өзіне жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Николай күнде қайыр сұрап, ал әйел оны "45-шағын аудан" аялдамасына апарып отырды. Күндік табыс кейде 40 мың теңгеге дейін жетіп, түгелімен "қожайынның" қалтасына түскен.

Кейін қожайын оларды Актас ауылындағы үйге орналастырғанымен, бақылауын тоқтатпаған. 2020 жылы ерлі-зайыптының қызы дүниеге келгенде, сәбиді тартып алып, оны туған әпкесіне беріп жіберген. Ата-анасы қызын тек қожайынның рұқсатымен ғана көре алған. Ол тіпті баланың туу туралы куәлігін тартып алып, егер айтқанына көнбесе, ата-аналық құқықтан айырамын деп қорқытқан.

2023 жылдың желтоқсанында қожайын басқа қылмысы үшін қамауға алынса да, абақтыдан отбасын қанау ісін жалғастыра берген. Телефон арқылы жаңа топ құрған: оған жиені, оның азаматтық күйеуі және танысы кірген. Олар күн сайын Николайдың қайыр сұрауын, ал әйелінің оны "жұмыс орнына" апарып отыруын бақылап отырған. Барлық ақша қылмыстық топтың қажетіне жұмсалған.

Істі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Галина Жилина қарап, төрт айыпталушыны да кінәлі деп таныды.

Басты айыпталушы — 17 жылға сотталды, қалған үш адам — әрқайсысы 12 жылдан жаза алды. Үшеуіне кішкентай балалары бар екені жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілген. Ал басты фигурантқа рецидив — ауырлататын жағдай ретінде танылған.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, сотталушылардан 8 миллион теңгеморальдық өтемақы өндірілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды