1225

Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды

Астанадағы консерваторияда қанша еңбек етсем де алғыс хатқа жарымадық дейді ол.

Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды
жеке мұрағаттан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншатанымал опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы Қытайда үлкен марапатқа ие болды. Өнер иесіне Сиань қаласындағы беделді консерватория профессоры атағын табыстады.

"Қытайдың Сиань консерваториясы маған профессор атағын табыстады. Бұл консерваторияда 6000 болашақ музыканттар өз мамандығы бойынша оқиды. Консерваторияға түсу бақыты – сол адамның маңдайына қонатын бақ. Әсіресе, бұл білім ордасында профессор болу деген… сөзбен жеткізе алмаймын", – деп жазды ол.

Майра Мұхамедқызы қаншама жыл тер төккен еліміздегі ұлттық консерваториясына реніші барын жасырмады.

"11 жыл бұрын Қырғыз ұлттық консерваториясының профессоры атанғанмын. Ал біздің Астанадағы "Шабыт" ұлттық консерваториясында қанша жыл жұмыс істеп, шәкірттерім халықаралық конкурстарда 1-орын алса да, бір жапырақ алғыс хатқа жарымадық. Бірақ, шүкір! Халықтың махаббатынан артық не керек деп жүре бердік",– деп жазды әнші. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор