2057

Атыраулық келіншек сырғасын шешуге құтқарушыларды шақырған

Әйел сырғасын өзі шеше алмаған.

Атыраулық келіншек сырғасын шешуге құтқарушыларды шақырған
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 33 жастағы әйел ерекше жағдаймен 112 қызметіне жүгінген. Оның құлағындағы сырғасы алынбай қалып, ыңғайсыздық тудырған.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ мамандары сырғаны бірнеше минут ішінде шешіп берді. Ешқандай зақым келмеген, медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылардың айтуынша, бұл – төтенше жағдай болмаса да, адамға жайсыздық тудырған оқиға. Осыған орай ТЖМ өкілдері төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салды.

Материал авторы