Үкімет Алматы облысында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылғанын хабарлады

17.03.2023, 09:14
411
Үкімет Алматы облысында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылғанын хабарлады egemen.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында арнайы экономикалық аймақ құрылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы – 80 шақырым А3 тас жолының (Алматы – Қонаев) бойында орналасқан, аумағы 30 мың га болады.

Оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат ұсынады деп күтіліп отыр.

2048 жылға дейін АЭА шеңберінде:

шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту;

құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру;

сондай-ақ 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

G4 City төрт ауданнан тұратын болады:

Gate City – іскерлік және қаржылық орталық;

Golden District – білім беру және медициналық хабы;

Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ;

Green District – туристік кластер.

Болжам бойынша, G4 City-де шамамен 2,2 млн адам тұрады.

Қайрат Нұртастың әйелі балалары автобуспен жүретінін айтты (ФОТО) «Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) Мамырда Қазақстанның оннан астам өңірінде құрғақшылық болады Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті «Талайды тірілттім»: Астанадағы парадқа кіре алмаған ардагер сұхбат берді Еуропаның төрт ел басшылары бітім тақырыбын талқылау үшін Киевке келді Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті (ФОТО) Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды «Алаяқ банкирлер»: банк пен микрокредиттің қызметкерлеріне қатысты 61 іс тергеліп жатыр Димаш әйгілі әнші Лара Фабианмен дуэт орындайды Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде күміс жүлде алды Путин гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады Астанада Жеңіс күніне арналған «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды мереке өтті