«Мені кемсітті»: Соңғы қоңырауда жас түлек мектеп директоры туралы шындықты айтып кетті

Аиса Махамбет Редактор
27.05.2025, 12:32
3840
«Мені кемсітті»: Соңғы қоңырауда жас түлек мектеп директоры туралы шындықты айтып кетті бейнежазбадан

Мектеп әкімшілігі микрофонды өшірмек болғанымен, ата-аналар қызға қолдау білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Федерациясының құрамындағы Чувашияда мектеп түлегі соңғы қоңырауда директорды буллинг үшін айыптады.

Чувашияның Янтиково ауданына қарасты Ян-Норваш ауылындағы мектепте соңғы қоңырау ел күтпеген жанжалға ұласты. Түлек салтанатты жиында директор Раиса Илларионованы көпшілік алдында буллинг пен қорлау әрекеттері үшін айыптады.

Оқушы қыздың айтуынша, директор оны "тәрбиесіз", "ақыл-есі кем" деп атаған, басқа оқушылар мен ересектердің көзінше жүйелі түрде кемсітіп, жала жапқан.

"Мен бұл сөздерді тек өзім үшін емес, басқа оқушылар үшін де айтып тұрмын. Ол мені ғана емес, басқаларды да қорлауы мүмкін", – деді түлек.

Қыздың сөзі залда отырғандарды елең еткізді. Мектеп әкімшілігі микрофонды өшірмек болғанымен, ата-аналар мен қонақтар қол шапалақтап, сөзін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Оқиға бейнежазбаға түсіп, желіде кеңінен тарады. Қазір Чувашия прокуратурасы бұл факті бойынша тексеріс бастап кетті. Прокуратура директор тарапынан оқушыларға қатысты қысым болған-болмағанын анықтамақ.

Егер айтылғандар расталса, жауаптылар заң жүзінде жазаланады, деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді