Қарағандылық әке 16 жастағы қызын бір топ еркек зорлап кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
27.05.2025, 15:35
1342
Қарағандылық әке 16 жастағы қызын бір топ еркек зорлап кеткенін айтты shutterstock.com

Олар тіпті қыздың жалаңаш, ес-түссіз жатқан видеосын таратқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша16 жастағы колледж студентінің әкесі қызын бір топ жігіт зорлап кеткенін айтып, әділдік талап етті. Бұл туралы Kazinform.kz жазды.

Жәбірленуші қыздың әкесінің айтуынша, жантүршігерлік жағдай ақпан айында болған. 16 жасар қызды колледжде оқыған бұрынғы курстасы кешке шақырған.

“Сол күні әйелім екеуміз үйде жоқ едік, ата-анамызға қонаққа кеткенбіз. Үйге оралғанымызда қызымыздың көңілі түсіп, мазасызданып жүргенін байқадық. Ол не болғанын бізге көпке дейін айтпады. Қызымызды топ болып зорлап кеткенін ақпанның 25-і білдік. Себебі сол түні қыздың жалаңаш, ес-түссіз жатқан видеосын сол жігіттердің бірі таратқан. Бұл видеоны таныстарымыз көріп қалған. Сөйтіп бізге айтты. Қыздан сұрағанда не болғанын өзі айтып берді”, – дейді әкесі.

Жәбірленушінің айтуынша, кәмелетке толмаған қылмысқа бес жігіт пен қыздың құрбысының қатысы бар. Қыздың ата-анасын Damumed қосымшасынан келген хабарлама алаңдатып отыр. Әкесі қызының медициналық деректеріне бәз біреулер заңсыз қол жеткізе ме деп қорқады.

“Зорлағаннан кейін таңертең қызды сол пәтерде ұстап, белгісіз дәрі берген. Жігіттердің бірі оған туыстарының прокуратурада, тіпті ұлттық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істейтінін айтты. Тіпті ол түрмеге отырса да, бір-екі ай отырып шығатынын айтқан. Олар оны қорқытқан. Біз ештеңені нақты демейміз, бірақ бұл нұсқаның да қарастырылғанын қалаймыз", – деді ол.

Күдіктілердің үшеуі қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Қыздың ата-анасы қалғандарының неге бостандықта жүргенін түсінбей дал. Сондай-ақ олар қызды кешке шақырған құрбысы да жазалануы керек деп санайды.

“Құрбысы мен бес жігіт лайықты жазасын алуы керек. Құрбысы іске куәгер ретінде келіп жүр. Қызым әлі болған жағдайдан кейін айыққан жоқ. Біз оны барынша қолдаймыз. Психологтың көмегіне жүгіндік”, – дейді қыздың ата-анасы.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті қамауға алынғанын, қалғандарына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

“Қазір жан-жақты әрі мұқият тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданады. Тергеу барысы Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді”, — деп хабарлады ведомство.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды