Бизнес үйретемін деп жұртты алдаған ақтаулық коучқа үкім шықты

27.05.2025, 17:30
1213
Бизнес үйретемін деп жұртты алдаған ақтаулық коучқа үкім шықты freepik.com

Блогер курс деп алдап, лотерея өткізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда лицензиясыз Instagram парақшасында жүлде ойнатқан ер адамға сот айыппұл салды.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 16 қаңтарда ол «Бизнесті нөлден бастау» атты курсын сата бастаған. Кейін қатысушылардың арасынан жеңімпаздарға ақша, смартфон, тіпті автокөлік сыйлайтынын уәде етеді. Алайда заңға сәйкес, мұндай әрекеттер лотерея болып есептеледі және оларды тек арнайы лицензиясы бар ресми операторлар ғана өткізе алады.

Сот ер адамның кінәсін дәлелденген деп тапты. Айғақ ретінде хаттама, Instagram-дағы скриншоттар және басқа да материалдар ұсынылған.

Нәтижесінде блогерге 825 720 теңге (100 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Бұл – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы бойынша жеке тұлғаларға арналған ең төменгі жаза. Жаза мөлшерін жеңілдететін жағдай – ер адамның заңды алғаш рет бұзғаны болды.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды