Жас қызды Ресейге жыныстық құлдыққа жібермек болған тұрғын ұсталды

Азиз Қалижан Редактор
28.05.2025, 11:33
1225
Жас қызды Ресейге жыныстық құлдыққа жібермек болған тұрғын ұсталды ria.ru

Қызға жоғары жалақы төлейтін жұмыс бар деп уәде берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ташкент облыстық ІІБ мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі «Қауіпсіз және салауатты ел» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жас қызды Ресейге жыныстық мақсатта алып кету әрекетінің жолын кесті.

53 жастағы Ангрен қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол 22 жастағы танысын алдап, Санкт-Петербургке жоғары жалақы төлейтін жұмыс бар деп сендіріп, жолға үгіттеген. Алайда шын мәнінде, қызды жезөкшелікпен айналысуға тарту көзделген.

Күдікті Ташкент халықаралық әуежайында, елден шығарып бара жатқан сәтте қолға түсті.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұшу билеттері мен барлық шығынды Санкт-Петербург қаласында тұратын белгісіз әйел өтеген. Оның есесіне, қыз жыныстық қызмет көрсетіп, ал делдал әйел "жеткізгені үшін" ақы алуы тиіс болған.

Күдіктіге қатысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі "а, з" тармақтары бойынша іс қозғалды. Бұл – екі не одан да көп адамға қатысты жасалған, жалған құжаттар пайдаланылған және жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды тартып алу, жасыру немесе жою арқылы жасалған адам саудасы бабы.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, қылмыстық топтың өзге мүшелері мен адам саудасы арналарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды