Мұғалімді «Ш***» деп атаған оқушы туралы Назарбаев мектебі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

28.05.2025, 13:31
3487
Мұғалімді «Ш***» деп атаған оқушы туралы Назарбаев мектебі мәлімдеме жасады (ВИДЕО) бейнежазбадан

Емтихан кезінде телефонын тартып алғаны үшін мұғалімге тіл тигізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11-сынып оқушысы Сұңқар Майқанның оқудан шығарылуы қоғамда үлкен резонанс туғызды. Оқиға 23 мамыр 2025 жылы, оқу жылы аяқталуға санаулы күн қалғанда болды.

Мектеп басшылығының мәлімдеуінше, оқушы мұғалімге телефонын тартып алғаны үшін тіл тигізіп, «Ш***а» деп бейәдеп сөз айтқан. Бұл сөз басқа оқушылардың көзінше айтылғаны да көрсетілген. Мектептің басқарма төрағасы Ануар Жанғозиннің айтуынша, бұл — НЗМ ішкі ережесіне сай дисциплинарлық ереже бұзушылық, сондықтан оқушыны оқудан шығару туралы шешім қабылданған.

Алайда бұл шешім қоғамды екіге бөлді:

Бір тарап оқушының құқығы бұзылды, ол психологиялық күйзеліске түсті деп алаңдаса,

Екінші тарап мектептің шешімі орынды, мұғалімге деген құрмет болмаса, білім беру жүйесі күйрейді деген пікірде.

Оқушы Сұңқар Майқан кейін кешірім сұрап, бейнеүндеу жазды. Бұл видеоны 26 мамырда қоғам белсендісі Аида Бұқаева Facebook парақшасында жариялады.

Сұңқар өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп отырғанын айтты. Бірақ ол мектеп директорының ата-аналар мен мұғалімдерге жалған ақпарат таратып жатқанын алға тартты.

“Мені басқа мектепке 11-сыныпқа ауыстырмақ. Бірақ бұл – мемлекеттің қаржысын екі есе жұмсау деген сөз. Мен оқудан шығармауды сұрамаймын, тек басқа бір шара – қоғамдық жұмыс, тәртіптік ескерту сияқты жазамен шектелсе деймін. Бұл мектептегі оқуым мен үшін маңызды. Қателігімді түзетуге мүмкіндік беріңіздер”, – деді Сұңқар.

Аида Бұқаева оқушының денсаулығы күрт нашарлағанын, ауруханаға түскенін де хабарлады.

Алматы қаласының бала омбудсмені Диана Ерлан бұл іске араласып, Сұңқардың әкесімен және адвокатпен байланыс орнатқанын айтты. Оның мәліметінше, оқушы ауруханаға жатқызылған, жағдайы тұрақты, ал ата-аналармен мектепте кездесу жоспарланып отыр.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да Сұңқарды қолдап, оқушыны оқудан шығару тым қатаң жаза екенін мәлімдеді.

Ал Білім министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Facebook арқылы пікір білдірді:

“Қазақстанда мұғалімнің мәртебесі заңмен қорғалған. Оқушылар мен ата-аналар ұстазға құрметпен қарауы тиіс. Мұғалімнің ар-намысына нұқсан келтіретін әрекеттерге жол берілмеуі керек. Сонымен қатар, біз оқушының қателігін түсініп, өкініп отырғанын көріп отырмыз. НЗМ бұл жағдайға адамгершілік пен кәсіби педагогикалық ұстаным тұрғысынан қарап, әділ шешім қабылдайды деп сенеміз”.

Министр Ғани Бейсембаев та жағдайды бақылауына алып, арнайы Балалар құқығын қорғау комитетінің және аумақтық департаменттің өкілдерін мектепке жолдаған. Сонымен бірге ол Ануар Жанғозинмен тікелей сөйлескен.

Мектеп басшылығы арнайы комиссия құрып, оқиғаға жан-жақты, әділ баға беретінін уәде етті.

NASA-дан жаппай қысқарту: Қызметкерлердің 20%-ы жұмыстан кетті Ақтөбе мешітінде ер адам әйелдерге интим ұсынған Баку Кремльден Ақтаудағы ұшақ апаты үшін қылмысын мойындауды талап етті 17 жастағы Әмір Омарханов алғаш рет ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды 27 шілдеге арналған ауа райы болжамы: бұршақ пен дауыл күтіледі Қазақстандық шабандоздар Ресей мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда топ жарды «Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»: қазіргі хит әнші Ильхан жаңа буын жайлы пікір білдірді Қыздарды топпен зорлаған басты күдікті араға 13 жыл салып ұсталды Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, дауыл мен аптап ыстық күтіледі Көкшетауда 21 жастағы жігіт мектеп оқушысын жезөкшелікке салған «Жылаған жоқ»: Перизат Қайрат пен анасы үкімді қалай қабылдады? Қорғаушылар Хутиевтің ісіне байланысты тергеу жұмысына күмән келтірді «Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты «Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті