Перизат Қайраттың соты келесі айда басталады

28.05.2025, 14:06
1394
Перизат Қайраттың соты келесі айда басталады SMARTNEWS.KZ коллажы

Оның ісі бойынша 100-ге жуық адамнан жауап алынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Перизат Қайраттың соты 2024 жылдың 9 маусымынан кейін 10 күннің ішінде басталады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс отырысынан кейін мәлімдеді.

Оның айтуынша, күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру 9 маусымда аяқталады, ал одан кейін прокуратура 10 күн ішінде істі сотқа жібереді. Сот іс материалдарын қабылдаған соң, нақты қай күні басталатынын өзі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Перизат Қайрат пен анасы қайырымдылық қоры арқылы ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамалған. Тергеу барысында 100-ге жуық адамнан жауап алынғанымен, күдіктілер саны өзгерген жоқ.

ҚМА дерегінше, 2021-2024 жылдар аралығында Перизат Қайрат қайырымдылық мақсатында халықтан ақша жинаған. Оның айтуынша, бұл қаражат мұқтаж балаларға, Палестинаға және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталуы тиіс болған.

Алайда тергеу нәтижесінде жалпы 3,5 миллиард теңге жымқырылғаны анықталды. Перизат Қайрат «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының есепшотына түскен қаражатты өз жеке және анасы Ғайни Алашбаеваның есепшоттарына аударған. Бұл ақша кейін зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһаз бен саяхатқа, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдауға және басқа да жеке қажеттіліктерге жұмсалған, - делінген мәліметте.

2024 жылдың 1 сәуірі мен 15 қарашасы аралығында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жиналған 2,8 миллиард теңге де мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды. Перизат Қайрат 16 серіктес жеке кәсіпкермен жалған келісімдер жасап, металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар, етіктер және басқа да заттарды жеткізу туралы құжаттарға қол қойған. Алайда бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған.

Жымқырылған 1 миллиард теңгеден астам қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке қажеттіліктерге жұмсалған. Оның 72 миллион теңгесі «Солтүстік Қазақстан облысындағы зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника сатып алу» деген сылтаумен анасы Ғайни Алашбаеваның есепшотына аударылып, кейін қолма-қол алынған, - деп қосты агенттік.

Жымқырылған қаржының бір бөлігіне:

▪ 6,9 миллион теңгеге «Rolex» сағаты сатып алынған
▪ 23 миллион теңгеге «Rebel Flowers» ЖШС (гүл бизнесі) сатып алынған
▪ 69 миллион теңге табыс тапқан гүл бизнесі

Қылмыстық ақшамен сатып алынған мүліктер:
▪ 4 автокөлік
▪ 4 пәтер
▪ 2 автотұрақ орны
▪ Үй мен жер телімі
▪ Ғимарат

Тәркіленген мүліктер:
▪ 158 миллион теңгенің зергерлік бұйымдары, аяқ киімдері мен сөмкелері
▪ 865 миллион теңгенің қылмыстық жолмен алынған мүлкіне тыйым салынды

Қазіргі таңда Ғайни Алашбаева үйқамаққа алынды. Тергеу жалғасуда.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды