SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Долан ауылында мектеп бітіру кешінде қайғылы оқиға болды. 17 жастағы түлек сыныптасының жүрек тұсына кәуәп пісіретін шампурды сұғып, салдарынан оқушы көз жұмды. Қанды оқиға түлектер жалдаған коттеджде болған.
Оқиға кезінде жасөспірімдер ата-аналар мен мектептің бақылауынсыз өз бетінше жиналған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс аса ауыр қылмыс ретінде тіркелген. Күдіктінің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы жағдайдан кейін мектеп директоры қызметінен кетті. Сонымен қатар, екі сынып жетекшісіне және оқу ісі жөніндегі орынбасарға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, оқушылардың мұндай шара ұйымдастыратыны туралы ақпарат болмаған.
Бұл оқиғаға байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов пікір білдіріп, құқық қорғау органдары жергілікті білім басқармаларымен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын, алайда осындай қайғылы жағдайдың орын алуы – өте өкінішті екенін айтты. Оның айтуынша, барлық мән-жайлар тергеу барысында анықталатын болады.
RUS