Қазақстан аумағынан ірі қара мал мен ұсақ мал әкетуге квота енгізіледі

17.03.2023, 11:46
639
Қазақстан аумағынан ірі қара мал мен ұсақ мал әкетуге квота енгізіледі smartnews.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атап айтқанда, алты ай мерзімге ірі қара мал мен тірі қойларға сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі:

60 000 (алпыс мың) бас тірі ірі қара малды Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге;

120 000 (жүз жиырма мың) бас тірі қойлар мен ешкілер Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге.

Құжатта белгіленген сандық шектеуден асып кеткен жағдайда, АШЖБ автоматты түрде жануарларды карантинге қоюды, БАБЖ АЖ ветеринариялық сертификаттарды беруді бұғаттайтыны айтылған.

Сондай-ақ бұқашықтарды карантинге қоюға шектеу енгізілді:

бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;

тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың ) бас.

Еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит:

бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың ) бас;

тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас.

Қазақстан Республикасының аумағынан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 500 (бес жүз) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 200 (екі жүз) бастан аспайды.

Құжат 4 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

2022 жылы Қазақстанда ірі қара малды, қой-ешкіні экспорттауға тыйым салынса, биылғы жылдың басынан бастап бұл жануарларды экспорттауға квоталар енгізілді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды