299 баланы наркоз арқылы зорлаған хирург 20 жылға сотталды

Азиз Қалижан Редактор
29.05.2025, 13:31
1848
299 баланы наркоз арқылы зорлаған хирург 20 жылға сотталды BFMTV

74 жастағы дәрігер өз науқастарын зорлап келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияда бұрынғы хирург Жоэль Ле Скуарнек 299 балаға сексуалдық зорлық көрсеткені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл ел тарихындағы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған ең ірі зорлық ісі ретінде тіркелді. Бұл туралы The Independent жазды.

74 жастағы Ле Скуарнек 1989 жылдан 2014 жылға дейін — шамамен 30 жыл бойы науқас балаларды аурухана палаталарында зорлап келген. Қылмыстардың көпшілігі балалар ес-түссіз жатқанда жасалған. Жәбірленушілердің орташа жасы — 11 жас. Барлығы — 158 ұл және 141 қыз бала.

2025 жылдың басында басталған сот процесінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

«Олар — жай ғана балалар еді... Бұл жараларды ешқашан жазуға болмайды. Өткенді өзгерте алмаймын, бірақ барлық жәбірленушілер мен олардың отбасылары алдында жауапкершілікті мойныма аламын», — деді сотта Ле Скуарнек.

Айта кетейік, ол 2020 жылдан бері төрт баланы, соның ішінде екі туысқанын зорлағаны үшін 15 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан болатын. Жаңа үкім бойынша ол қосымша 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Франция билігі бұл істі кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған ең ауқымды қылмыс деп бағалап отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды