SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына қалай дайындалып жатқанын көрсетті. Өнер иесі тұңғышы Әділетті үйлендіріп, жаңаөзендіктермен құда болмақ.
Майғазиев Instagram парақшасында тойға дайындық барысын бөлісіп, қонақ шақырудың өзі үлкен шаруа екенін жазды.
«Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Бірі «келем» дейді, бірі «көреміз» дейді, енді бірі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе – нақты кім келетінін анықтау екен. «Келесің бе, келмейсің бе – бір ауыз айтсаңшы!» деп айтқың келеді. Осы сәтте түсінгенім: келесі жолы өзім шақырту алсам – бірден жауап берем», – деп жазды әнші.
Оның жазбасы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырып, көпшілік өз тойларындағы ұқсас жағдайлармен бөлісуде. Кейбірі көп қонақ шақырудың артық-кемі жайлы ой айтса, енді біреулер шақыруға жауап беру мәдениетін талқылады.
«Басқа тойды тойламасаң тойлама, Әділеттің үлкен тойы тойлансын!», «Тойдың болғанынан, боладысы қызық деп бекер айтпаған, оң болсын, құтты болсын!», «Той жасау мәдениетінің біраз тетіктері талқыға шығатын болыпты», «Тойдан 2-3 күн бұрын анық келетін-келмейтінін сұрап біліп аламыз», – деп жазды көпшілік.
Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына қалай дайындалып жатқанын көрсетті.
Өнер иесі тұңғышы Әділетті үйлендіріп, жаңаөзендіктермен құда болмақ.
“Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Біреуі “келем” дейді, біреуі “көреміз” дейді, біреуі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе – кім нақты келетінін анықтау екен. “Келесің бе, келмейсің бе – бір ауыз айтсаңшы!” деп айтқың келіп кетеді. Осы сәтте түсінгенім: келесі жолы өзім шақырту алсам – бірден жауап берем! Ал сізде қалай болды?! Қонақ тізімін жасағанда қандай қиындыққа тап болдыңыз?!” – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, той өткізудегі тәжірибесін бөлісіп жатыр.“Басқа тойды тойламасаң тойлама, Әділеттің үлкен тойы тойлансын!”, “Тойдың болғанынан, боладысы қызық деп бекер айтпаған, оң болсын, құтты болсын!”, “Той жасау мәдениетінің біраз тетіктері талқыға шығатын болыпты”, “Тойдан 2-3 күн бұрын анық келетін-келмейтінін сұрап біліп аламыз”, – деп жазды көпшілік.