SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында бала көпқабатты үйдің баспалдағындағы темірге қысылып қалды. Құтқарушылар шұғыл көмекке келді.
Ақтөбе облысының 112 жедел қызметіне Алға қаласынан шұғыл қоңырау түсті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында бала темір қоршауға аяғын тығып алып, шыға алмай қалған. Оқиға екінші мен үшінші қабат арасындағы баспалдақта болған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық кескіш құралдардың көмегімен темір құрылымды абайлап ажыратып, баланы босатып алды.
Абырой болғанда, бала жарақат алған жоқ. Медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарушылар ата-аналарға кішкентай балаларға үнемі назар аудару қажет екенін ескертті. Себебі қарапайым үй ішіндегі немесе ауладағы заттар да қауіп төндіруі мүмкін.